Yessenov University

306
2020-12-26 19:33:12
Location:
Kazakhstan, Aktau , 32 мкр Aktau, Kazakhstan 130000
Service types
About company
Білім беру саясаты Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде белсенді түрде іске асырылады. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша прогрессивтік реформалар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістердің платформасы болып табылады. Бүгінгі таңда университетіміз – мемлекеттік аттестациялау мен аккредитациялаудан өткен заманауи ірі университет. Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті – аймағымыздағы білім мен тәрбие берудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы. Университетте мұнайгаз өнеркәсібі, жол көлігі, машинажасау салалары үшін, сондай-ақ педагогика, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау, қаржы, геология, экология, жылуэнергетика, құрылыс мамандарын дайындау іске асырылады.
Yessenov University